«Балаңызды халықаралық байқауға қатыстырамын»: Астанада алаяқ әйел ұсталды

25 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астанада 39 жастағы әйел адам алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ол алаяқтық жолмен 460 мың теңгеден астам қаражатты иемденген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, әйел жәбірленушіге шетелде өтеді деп уәде берген халықаралық балалар байқауына қатысуды ұсынған. Ол өз қызметтерін әлеуметтік желілерде жарнамалап, жәбірленушімен сол жерде танысқан. Оқиғаның шынайылығын арттыру үшін, алаяқтық схемасына шетелде жүрген тағы бір әйел — делдал тартылған. Ақша аударылғаннан кейін ұйымдастырушылармен байланыс үзілген.

Жәбірленуші полицияға жүгінген. Тергеу барысында күдіктінің жеке басы анықталды.

Полиция мәліметінше, күдіктіге елден шығуға тыйым салынды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

Алаяқ күдікті Байқау