Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 518,5 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,61 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 25 маусымға арналған ресми доллар бағамы — 519,26 теңге.
Kurs.kz сайтының деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы — 518,6 теңге, сату — 520,45 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 516,65 теңгеге сатып алынып, 522,68 теңгеге сатылып жатыр.
Еске сала кетейік, 23 маусым күнгі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,54 теңгеге өскен болатын, ал 24 маусымда 3,84 теңгеге төмендеді.