Төреғали Төреәлінің ұлдары көшеде билеп, елді сүйсінтті (ВИДЕО)

25 маусым, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің балалары көшеде билеп жүрген видеосы көпті сүйсінтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесінің әкесі Төреәлі Төлепов немерелерінің билеп жүргенін қызықтап әлеуметтік желіде жазба арнаған.

«Ассалаумағалейкум ағайын! ТөреМұхаммедӘли немеремнің дені сау болсын! Әлемді бағындыратын, дүние жүзін дүр сілкіндіретін, атағынан ат үркейтін батыр бала болсын ИншаАлла. Аллам осы ұрпақтан шөбере көруді нәсіп етсін! Сіздер де жақсы тілектеріңізді жаза отырыңыздар. Жақсы сөз-жарым ырыс», - деді әншінің әкесі.

Желі қолданушылары кішкентай ұлдарына ұзақ ғұмыр тілеп, жылы сөздерін жазды.

«Аллаһ Тағала жар болып сіз ойлағаннанда үлкен тұлғалар болсын», «Алла өмірімен берген салихалы ұрпақ болсын!Атағы әкесінен асып түсетін ер жігіт болсын»,  «Біріншісі әкесіне, екіншісі анасына аумайды екен», «Халықтың балуаны болады», - деп жазды.

Тэгтер:

би Төреғали Төреәлі Ұлы