«Ішіме сыймай бара жатыр»: Танымал әзілкеш қуанышты жаңалығын бөлісті

25 маусым, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

Белгілі әзілкеш, Қызық Times бағдарламасының жүргізушісі Еркебұлан Мырзабек отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Әзілкекштің үшінші ұлы өмірге келген.

«Балам, өмірге қош келдің! Енді менде үш ұл. Іс-сапарда, басқа елде жүріп осындай қуанышты хабар алып, мәз болып жатырмын. Бақыттымын, қуанышым ішіме сыймай бара жатыр», - деп жазды ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Желі қолданушылары Еркебұлан Мырзабектің қуанышына ортақтасып, тілектерін жазып жатыр.

Тэгтер:

әзілкеш Еркебұлан Мырзабек