Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

Бүгін, 11:45 / Алуа Арман
olympic.kz

4–10 шілде аралығында Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Федерация баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жарысқа 27 елден 450-ден астам спортшы қатысады.

Қазақстан құрамасы сапында 36 жас зілтемірші өнер көрсетеді. Құраманың нақты тізімі кейінірек жарияланады.

Жүлделер U17 және U20 жас санаттары бойынша сарапқа салынады.

Жарыстар Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.

Тэгтер:

зілтемір жасөспірімдер Азия чемпионаты ауыр атлетика