Қазақстандық режиссер Аустриядағы спектакльдерді сахналауға шақырту алды

Бүгін, 11:13 / Інжу Әлихан
Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Астана Опера» режиссері Еренбақ Тойкенов 2 шілдеден 31 тамызға дейін опера өнері әлеміндегі жетекші халықаралық жобалардың бірі – Аустриядағы Вена опералық фестиваліне шақырту алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол Вольфганг Амадей Моцарттың «Барлық әйелдер осылай жасайды немесе Ғашықтар мектебі» және Джузеппе Вердидің «Травиата» қойылымдарын сахналауға қатысады.

Вена опера академиясының директоры Хесус Леонның айтуынша, академия дүние жүзінен небәрі төрт режиссерді таңдап алған. Олардың қатарында Еренбақ Тойкенов те бар. Ол әлемдік біртуар опера режиссері Тим Клейдонның ассистенті ретінде шақырылды. 

Айта кетейік, Еренбақ Тойкенов ұлттық, сондай-ақ әлемдік репертуардағы спектакльдерді қойып келеді. Бұл шақыру оның 2022 жылы Мәскеуде өткен «Nano-Opera» халықаралық опера режиссерлері байқауындағы жеңісінің жалғасы. Ол кезде жерлесіміз әлемнің түпкір-түпкірінен қатысқан 200-ден астам опера режиссерінің арасынан алға суырылып шыққан еді. «Nano-Opera» байқауындағы жеңістің нәтижесінде Е.Тойкенов «Астана Опера» сахнасында Сыдық Мұхамеджановтың «Айсұлу» қазақ ұлттық операсын қою құқығына ие болды. Спектакль жоғары бағаланып, тәуелсіз сарапшылар қойылымды «Жыл операсы» атағына лайық деп таныды.

Тэгтер:

сахна шақырту Вена спектакль режиссер Еренбақ Тойкенов