Америкалық жұп қазақша салт-дәстүрмен үйлену той жасады (ВИДЕО)

Бүгін, 10:42 / Інжу Әлихан
Коллаж: Turkystan.kz

Атырауда бір жылдан аса уақыт тұрып жатқан америкалық жұп қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне сай үйлену той өткізді, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Жас жұбайлардың тойында қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақша әндер шырқалды.

Кештің ең әсерлі сәті күйеу жігіт Джектің орындауындағы танымал әнші Айқынның "Асылым" әні болды. Оның орындауы қонақтардың ыстық ықыласына ие болып, видеосы әлеуметтік желілерде де кеңінен тарады. TikTok-та жарияланған бейне мыңдаған қаралым мен пікір жинап үлгерді.

Желі қолданушылары бұл жұптың қазақ мәдениетіне деген құрметіне және шынайы ықыласына тәнті болды. 

 

Тэгтер:

Атырау дәстүр үйлену той Салт Америка жұп