Шерзат Полат өлімі: Сотталғандар апелляцияға арыз берді

Бүгін, 10:21 / Алуа Арман
видеодан скриншот

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты істе кінәлі деп танылып, сотталғандар апелляциялық шағым түсірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шеккеев мәлімдеді.

«Түпкілікті үкім шыққаннан кейін, сотталушылар сол үкімді қолдарына алған сәттен бастап 15 күн ішінде шағым түсіруге құқылы. Қазіргі таңда сотталушылар мен олардың адвокаттарынан апелляциялық шағым түскен. Тек Шыңғыс Белғожаев пен Думан Ысқақ қана арыз бермеген. Апелляциялық шағым бойынша сот отырысы қай күні өтетінін болашақта хабарлаймыз», - деді ол.

Сотталушылардан Апелляциялық шағымдар түсті. Сонымен қатар куәгер 2 қызға және 2 жігітке қатысты шыққан соттың жеке қаулысынада жеке шағым түскен.

 

Тэгтер:

сот отырысы арыз шағым Шерзат Полат апелляция сотталушылар