«Ақ киізге жаназа оралады»: Нұрлан имам кілемге салып ұзатылған Сәкен Майғазиевтің келіні туралы

Бүгін, 07:21 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Жақында ақ кілемге салып ұзатылған Сәкен Майғазиевтің келіні көптің талқысына түскен еді.

Көпшілік түсінбеген аталмыш салт-дәстүрге қатысты танымал дінтанушы, имам Нұрлан Байжігітұлы да пікір білдірді. Ол elitar.kz порталына берген сұхбатында қазақ халқы адамды ақ кілемге қандай жағдайла орайтынын айтты.

”Бұл — бүкіл қазаққа тән салт деп есептемеймін өз басым. Неге? Өйткені, сәл қиыспаған дүние. Кілем деген мұнда шықты. Киіз деп айтатын. Біз ақ киізге хандарды шығарғанбыз. Одан кейін ақ киізге жаназа оралады. Қазақ салтында киізге орап шығарған. Ханды ақ киізге отырғызды дейді. Сол үшін әр нәрсе өз заманында қалу керек. Біз бақуаттылықтың, данышпандықтың, білгіштіктің, байлықтың көрінісі осы екен деп, көрсете берудің де реттілігі болу керек деп есептеймін”, — дейді ол.