Алматыда қайғылы жағдай болды

25 маусым, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Алматыда тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлап кеткен 3 жасар сәби көз жұмды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Алматыда үш жасар бүлдіршін 9-қабаттың балконынан бала құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға Ақкент шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінде болған.

Оқиға орнына жедел жәрдем тобы дереу жеткенімен, бала алған ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.

Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.