Белгілі актер өзінен аутизм белгілері анықталғанын жайып салды

Бүгін, 01:28 / Дана Ізтілеуова
Жеке парақшасынан

Көпшілікке Мұстафа Шоқайдың рөлімен танымал актер Азиз Бейшеналиев аутизм белгілері анықталғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол бұл туралы Tatler Kazakhstan-ға берген сұхбатында айтты.

"Бірнеше жыл бұрын осы уақытқа дейін менің бойымда аутизм спектрі бұзылысы бар екені белгілі болды.

Мұны білген соң, өзімді де, жалпы әлемді де жақсырақ түсіне бастадым.

Мысалы, неге актер болғанымды — бұл мамандықтың терапиялық әсері бар екенін — түсіндім", – дейді актер.

Тэгтер:

Белгілі актер Азиз Бейшеналиев Аутизм белгілері