«Анашым, пәтер үшін рақмет»: Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының жаңа үйге реакциясын жайып салды

24 маусым, 2025 / Өтей Торғайұлы

Актриса жақында алған баспанасының жөндеу жұмыстарын балаларына көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол бұл туралы әлеуметтік желіде оқырмандарына айтып берді.

«Үш үлкенім дизайнерге өз ойларын, қалауларын айтып жатса, Хан жай менің қасыма келіп: «Анашым! Неге олар интерьерді осылай таңдайды, бұл маңызды емес қой?!» деді. Мен оның өзіне сұрақ қойдым: «Ұлым, сен үшін не маңызды?». Ал ол «Маған ең бастысы, бұл біздің жеке баспанамыз, енді сен пәтер жалдау ақысын төлеу үшін сонша көп жұмыс істемейсің, енді сен әрқашан жанымызда боласың… Рахмет, анашым, пәтер үшін!» деді», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Еске салсақ, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың балаларына жаңа үйін көрсеткені туралы жазған едік. 

Тэгтер:

Баспана Балалар Жұлдыз Әбдікәрімова