Атырауда тереңдігі 12 метр құдықтан адам мәйіті шығарылды

24 маусым, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Атыраудағы Достық ықшам ауданында «Жылыойсу» жұмысшысы құдыққа құлап, көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 22 маусым күні болған.

1968 жылы туған ер адам «Жылыойсу» КМК-де машинист болып жұмыс істеген.

Оның денесі 12 метр тереңдіктегі кәріз құдығынан табылған.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр.

Тэгтер:

Атырау жұмысшы мәйіт Кәріз құдық машинист