Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күзде үш айға Англияға аттанбақ. Ол Оксфорд университетінен шақырту алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Оксфорд университетінің Азия және Таяу Шығыс зерттеулері факультеті жанындағы BIRSoz ұйымынан ресми шақырту алғанын көрсетті.
«Журналистер күні қарсаңында қуанышты жаңалықпен бөліскім келіп тұр. Осы күзде Англияға, Оксфорд университетіне кетіп бара жатырмын. Енді шетелдік студенттермен түрлі зерттеулер өткізіп, қазақ тілінің ауқымын кеңейтіп, дәрежесін бірге көтереміз», - дейді ол.