Мұхтар Мағауиннің ұлы дүние салды

24 маусым, 2025 / Алуа Арман

Қазақ жазушысы Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүние салды, деп хабарлайды turkystan.kz qaz365.kz-ге сілтеме жасап.

Мағжан Мағауин өмір бойы Алматы қаласында тұрған. Жазушының алты баласы болған: төртеуі – ұл, екеуі – қыз.

Мұхтар Мағауин – тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).

1940 жылы 2 ақпанда сол кездегі Семей облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген. Биыл 10 қаңтарда, 84 жасында өмірден өткен еді.

Тэгтер:

жазушы Мұхтар Мағауин Мағжан Мағауин