Баянауыл ұлттық паркінде өрт шықты

24 маусым, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық паркінде найзағай түсіп, өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Парк басшысы Аждар Жүсіповтің айтуынша, таулы жерлерде өртті орманшылар байқап қалған.

«Найзағай түсіп, өрт шықты. Біздің орманшылар түтінді уақытында көріп, оқшаулап үлгерді. Осылайша орманды ірі өрттен құтқарды»,  – деді Аждар Жүсіпов.

Оның айтуынша, тілсіз жау Торайғыр ауылы жанындағы №12 кварталда болған.

Тэгтер:

Павлодар өрт ұлттық парк Баянауыл