Қазақстандық жеңіл атлет Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды

24 маусым, 2025 / Інжу Әлихан
Olympic.kz

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Польша астанасы Варшавада өткен Konopacka Warsaw Classic халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды.

Ол биіктікке секіру сайысында екінші нәтиже көрсетті. Овчинникова 185 сантиметр биіктікті бағындырды.

Бірінші орынды 192 см нәтижемен украиналық Юлия Левченко жеңіп алса, үшінші орынға 185 см көрсеткішпен польшалық Алисия Высоцка ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Кристина Овчинникова Грекияда өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын.

Тэгтер:

Турнир Польша күміс жеңіл атлет Кристина Овчинникова