«Байып кетемін, қолма-қол ақшаға аламын деп ойладым» – «Ninety One» тобының әншісі

24 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова
ашық дереккөзден

«Ninety One» тобының әншісі Батырхан Мәліков қаржылық сауаттылықты білмегендіктен пәтер ала алмағанын айтты.

«Пәтер жоқ. Пәтер алатын мүмкіндік болды. Мен топаспын ол жағынан. Қаржылық сауаттылық деген нөл. Бізге 3-4 жыл алдын есепшот ашып қойыңдар, сосын жеңіл болады деп айтатын. Мен аштым, бірақ жинамай кеттім. Дым жоқ баста. Ол да айтып жүрді. Одан мен сұрадым, ол бәрін түсіндірдім. Ойбай, мен байып кетемін, қолма-қол ақшаға аламын деген ой болды. Құдды бір ертең байып кетіп, қолма-қолға алатын секілді. Балалы болған соң енді түсініп жатырмын

Қазір Асанәлі деген концерттік директорым бар. 3 ән шығардым. Құдайға шүкір, жұмыс жүріп жатыр. «Асеке, той, корпоратив, 30 адамдық караоке, бәрін ала беріңіз» дедім. Ақырын-ақырын жұмыс пайда болып жатыр», – дейді әнші Айқап подкастына берген сұхбатында. 

Тэгтер:

қаржылық сауаттылық Қолма-қол ақша «Ninety One» тобының әншісі байып кету