Батыс Қазақстанда полиция қызметкерінің мәйіті табылды

24 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысындағы Достық ауылында полиция қызметкерінің мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 21 маусым күні болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, 22 жастағы полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсаған. Ол тұрған үйдің ауласында асылып тұрған күйінде табылған.

Бұл ақпаратты БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Оқиғаның себептері анықталуда. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Тэгтер:

Батыс Қазақстан полиция қызметкері