22 жыл бойы макияжын жумаған әйел ауруға душар болды

24 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова
видеодан скриншот

22 жыл бойы макияжын жумай өмір сүрген қытайлық әйел дабыл қағуда, деп хабарлайды turkystan.kz South China Morning Post-ке сілтеме жасап.

Цзилинь провинциясының 37 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі жеке парақшасына өзінің ісіп кеткен бетін көрсетті. Әйелдің айтуынша, оның беті қышып, бөртіп кеткен.

Ол бетіне макияжды 15 жасынан бастап жаға бастағанын айтты. Содан бері 22 жыл бойы бетіндегі макияжын жумаған. Ал терісінің бүлінуі 14 жасында басталған. Әйелдің айтуынша, ол тұрмысы нашар отбасында өмір сүрген, сондықтан арзан косметика бұйымдарын пайдаланған. 14 жасында шыққан ұшықты мазь жағып кетірмек болған. Мұнысынан түк шықпаған соң крем жағып, үнемі макияж жағып отырған.

Тэгтер:

макияж макияж жумау ауруға душар болу