Алматы облысында анасы мен баласы өзенге батып кетті

Бүгін, 09:11 / Алуа Арман
pixabay.com

Алматы облысының Тұздыбастау ауылында анасы мен баласы абайсызда өзенге құлап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қайғылы оқиға 22 маусымда болған. 44 жастағы әйел абайсызда Талғар өзеніне құлап, батып кеткен.

«Болжам бойынша, онымен бірге суға кәмелетке толмаған бала да құлаған. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жүргізілуде», – деп хабарлады полиция.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тэгтер:

суға бату өзен ана мен бала құлап кетті суға түсу батып кетті