Астана күнінде қазақстандықтар неше күн демалады?

Бүгін, 09:00 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Астана күні биыл жексенбі 6 шілдеге тура келеді. eGov сайтында көрсетілгендей, егер мемлекеттік мереке демалыс күндеріне (сенбі немесе жексенбіге) түссе, онда демалыс күні бір күнге ұзартылады.

Осылайша, дүйсенбі, 7 шілде де демалыс болады. Бұл тек аптасына бес күн жұмыс істейтіндерге қатысты екенін ескеру қажет. Ал алты күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 6 және 7 шілде күндері демалады.

Шілде айында жалпы 5 күндік жұмыс аптасында қазақстандықтарды 9 демалыс күні күтіп тұр.

Айта кетейік, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, 6 шілде — Астана күні мемлекеттік мереке болып табылады.

Мемлекеттік мерекелер қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары тарапынан дәстүрлі түрде атап өтіледі. Мемлекеттік мерекелерді атап өту ресми іс-шаралармен қатар жүруі мүмкін.

Жыл басында жазғанымыздай, 2025 жылы Қазақстанда 13 мемлекеттік мереке болады, оның ішінде Жаңа жыл, Наурыз, Республика күні және Тәуелсіздік күні бар. Сондай-ақ, 2025 жылы бірқатар мерекелер демалыс күндеріне түсіп, қазақстандықтарға жыл бойы қосымша демалыс күндерін алуға мүмкіндік береді.

Тэгтер:

демалыс мереке жексенбі биыл Астана күні 6 шілде