Биржада доллар бағасы күрт өсіп жатыр

23 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 523,46 теңгені құрап, 1,54 теңгеге көтерілді.

Ұлттық банктің 23 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы — 521,57 теңге.

Айырбастау пункттерінде орташа алғанда келесі валюталар бағамы белгіленген:

доллар: сатып алу – 522-522,5 теңге, сату – 523-524,5 теңге;

еуро: сатып алу – 600-602 теңге, сату – 604-607 теңге;

рубль: сатып алу – 6,57-6,59 теңге, сату – 6,62-6,66 теңге.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор