Алматы қаласы Ақкент шағын ауданында 3 жасар бала 9-қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 22 маусым күні кешкі уақытта болған. Жедел жәрдем оқиға орнына дереу жеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.
Алматы қалалық полиция департаменті үш жасар баланың өліміне қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.
«Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді тұрғын үй-жайларда балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге шақырады. Балаларды әсіресе қауіпті аймақтарда қараусыз қалдырмауды, терезе құлыптарын қолдануды сұраймыз», – делінген хабарламада.