22 маусымда Н.Әбдіров даңғылында 65 жастағы Chevrolet Cobalt жүргізушісі Гоголь көшесіне қарай келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Зардап шеккен — 36 жастағы әйел. Ол жақын маңдағы медициналық мекемеге шұғыл түрде жеткізілді.
Бейнежазбада әйел адамның жаяу жүргіншілер өткелінен жүгіріп өтуге әрекеттенгені көрінеді. Сондай-ақ оқиға орнына жақын маңда полиция көлігі тұрғаны байқалады.
Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл факт тіркеліп, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелінің маңында, аса мұқият болуға шақырады. Сонымен қатар, қала ішінде жылдамдық режимін және жол жүру ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.