Баян Алагөзованың қыздарымен түскен суреті желіде қызу пікірталас тудырды

23 маусым, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

Танымал продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында қыздары Алиса және Алмамен түскен суретін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Отбасылық сурет желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Көпшілік Баян ханымның Алисаны Алмадан сәл көбірек жақсы көретіндей көрінетінін байқап қалған. 

«Алисаны Алмадан артық жақсы көретін сияқтысыз», «Алиса анасынан айнымаған, ал Алма — әкесінен», «Алманың көздері от шашып тұр. Ол әлі талай белесті бағындырады», «Баян Мақсатқызы, бақытты болыңыз! Алла сізге денсаулық пен ұзақ өмір берсін. Қыздарыңыздың барлық жетістіктерін көру нәсіп етсін», «Тәттілер-ай, сіздерге және балаларыңызға бақыт тілеймін», «Алмуша Айаруға ұқсайтын сияқты», - деп жазды желі қолданушылары. 

Тэгтер:

Сурет Баян Алагөзова қыздары