Оңтүстік Корея билігі кәріс ұлтының өкілімен отбасын құрған шетелдіктерге ақша төлемек

23 маусым, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Оңтүстік Корея үкіметі ел халқының кемуіне байланысты неке мен бала туу көрсеткішін көтеру үшін жаңа ынталандыру шарасын енгізді. Енді кәріс ұлтының өкілімен немесе кәріспен некеге тұрған шетелдік азаматтарға 12 мың доллар көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі. Бұдан бөлек, үйлену тойына арналған 19 мың доллар көлемінде сыйлық беріледі, деп хабарлайды turkystan.kz vremya.press-ке сілтеме жасап.

Егер отбасында сәби дүниеге келсе, мемлекет тағы да 188 мың доллар қосымша қаржы береді.

Мұндай шаралар елде туу көрсеткішінің тарихи минимумға жетуіне байланысты қолға алынып отыр. Сарапшылардың айтуынша, қаржылай ынталандыру арқылы Корея билігі жастарды отбасын құруға және ата-ана болуға ынталандырмақ.

Тэгтер:

Корея Оңтүстік Корея Шетелдік ақша ұлт демография туу Кәріс