Абай облысында жер сілкінісі болды

Бүгін, 10:20 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Абай облысында 4 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің  мәліметіне сәйкес, 23 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 01:23-те Үржар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі болды.

«Эпицентрдің координаттары: 47.19 градус солтүстік ендік, 81.22 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=4,0. Энергетикалық класс К=9.70», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Абай облысы Жер сілкінісі 4 балл