Өскеменде ер адам баласымен Ертіс өзеніне батып кете жаздады

Бүгін, 10:08 / Інжу Әлихан
112shygysqaz_tjd

Өскемендегі Ертіс өзеніне ағып бара жатқан ер адамды ұлымен бірге құтқарушылар жағаға алып шықты. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкері Бауыржан Капитанов жылдам әрекет етіп, құтқару шеңберін лақтырып, 1983 жылы туған ер адам мен 2012 жылы туған ұлын судан аман-есен жағаға алып шықты.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су қоймаларында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауғашақырады:

Тэгтер:

Бала Су әке құтқару Өскемен Ертіс өзені