«ДӘРІГЕР TALKS – 2025» алаңының ағартушылық маңызы зор – Медет Елтайұлы

Бүгін, 09:59 / Алуа Арман
Жеке мұрағаттан

Өткен аптада Елордада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «ДӘРІГЕР TALKS – 2025» диалог алаңы өтті. Бұл іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ден астам медицина маманы, атап айтсақ, медбикелер, ғалымдар, медициналық ұйым басшылары және сарапшылар қатысты. Олар алаңда өз ойларын ортаға салып, денсаулық сақтау саласындағы қордаланып қалған проблемаларды айтып, оларды шешу жолдары мен өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Оториноларинголог дәрігер Медет Елтайұлы те бұл іс-шараға арнайы келген.

«AMANAT» партиясы ұйымдастырған «ДӘРІГЕР TALKS – 2025» алаңының ағартушылық маңызы зор. Диалог алаңы ретінде өзінің маңыздылығын дәлелдеді деп ойлаймын. Дәрігерлер қауымы ақпарат алмасады. Жас дәрігерлерге мотивация береді. Танымдық дүние ретінде де халыққа берері мол. Мен осы іс-шара ұйымдастырылғандағы алғашқы спикерлердің бірімін. Осы іс-шараның арқасында жұрт біздің елдің медицинасының деңгейі жоғары екенінен хабардар болып жатыр. Сенім арта бастады. Дәрігерлердің дәрежесін арттырып, медицина қызметкерлерінің деңгейін өсіріп жатқаны үшін партияға алғыс білдіреміз. Одан бөлек мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау, қабылданып жатқан заңдар – медицинаның жаңа қарқынмен дамуына серпін беріп отыр», – дейді ол.

 

Тэгтер:

дәрігер Дәрігер Talks Оториноларинголог Медет Елтайұлы