SCAT әуекомпаниясы маңызды ескерту жасады

Бүгін, 09:49 / Інжу Әлихан
scat.kz

23 маусымда SCAT әуекомпаниясы рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлады turkystan.kz.

Оған ұшақтың құстармен соқтығысуы себеп болып отыр.

Жағдайды реттеу үшін резервтік ұшақтар жіберілді, бірақ кейбір бағыттар бойынша рейстер кешігуі мүмкін:

Бұдан басқа, SCAT халықаралық жағдаймен байланыстырған Астана-Доха рейсі тоқтатылды.

Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленуіне байланысты Компаниялар тобы 23 маусымда бірнеше рейсті тоқтататынын жазған болатынбыз. 

Атап айтқанда, КС191/192/Атырау-Дубай-Атырау; КС205/206/Астана-Дубай-Астана; КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы; КС655/656/Астана-Доха-Астана арасындағы рейстер тоқтайды.

Тэгтер:

Ескерту Рейс кесте әуекомпания Scat 23 маусым