Бүгін – Мемлекеттік қызметкерлер күні

Бүгін, 09:15 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Бүгін мемлекеттік қызметкерлер кәсіби мерекелерін атап өтіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Аталған күнді 2002 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бекіткен. 2013 жылы Президент Жарлығымен 23 маусым Мемлекеттік қызметкерлер күні болып бекітілді.

Мемлекеттік қызмет жоғары біліктілікті, адамдарға қызмет етуге деген шынайы ұмтылысты, сондай-ақ әрқашан адалдық пен әділдік қағидаттарына берік болуды талап етеді. Азаматтардың сенімі мен елдің дамуы мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен бастамашыл болуына тікелей байланысты. 

Тэгтер:

мереке 23 маусым Мемлекеттік қызметкерлер күні