«Әкем өмірден өткенде өлімнің бар екенін түсіндім»: Азамат Сатыбалды марқұм ата-анасы туралы айтты

Бүгін, 08:16 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Белгілі актер Азамат Сатыбалды Динара Сәтжанға сұхбат беріп, марқұм ата-анасы туралы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Актер әкесі өмірден өткен кезде өлімнің бар екенін түсінгенін атап өтті.

«Әкем маған өлмейтін адам сияқты көрінетін. Ал, анам кеткеннен кейін мен енді мен үшін ешкім Алладан тілек тілемейді деп ойладым. Анаң сияқты ешкім сен үшін көзінен жас шығып, жүрегі жарылып тілек тілемейді. Әйелің де тілемейді, бауырың да тілемейді. Ана ғана тілейді. Алла шынайы тілекті қабыл етеді. Біздің өмірде жолымыз болып жадырап-жайнап жүруіміздің барлығы анамыздың тілегінің арқасында. Ал ана өмірден өткен кезде біраз есік жабылып қалады", - деді ол.