Таразда алапат өрт болды

Бүгін, 06:19 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

22 маусымда Тараз қаласындағы ЖШС-лардың бірінің аумағында автодөңгелектер мен бір қабатты ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына ТЖД бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары бірден аттанды.

"Құтқарушылардың үйлесімді және кәсіби жұмысының арқасында өрт 90 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрттің таралуының алды алынды.