Айдархан Құсайынов Данияр Ақышевтың кеңесшісі болып тағайындалды
7 сәуір, 2017 /
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
Айдархан Құсайынов Данияр Ақышевтың кеңесшісі болып тағайындалды
Белгілі экономист Айдархан Құсайынов ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Ұлттық банкте растады.
Құсайынов Айдархан Маратұлы - физик, инженер; М.В. Ломоносов атындағы ММУ, Атырау мұнай және газ институтын бітірген. 1994-1998 жылдары консультациялық бизнесте, соның ішінде ҚР үкіметінің консультанты ретінде қызмет етті. 1998-2001 жылдары ұлттық мұнай-газ компанияларында басшылық лауазымдар атқарды. 2001-2003 жылдары Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі газ өнеркәсібі департаментінің директоры болды. 2004 жылдан бастап стратегиялық және басқару консультациясына маманданған Almagest компаниясын құрып, консультативтік бизнеске қайта оралды. 2014-2015 жылдары «Алматы даму орталығы» АҚ-да концессиялық жобаларды басқару тобының басшысы ретінде жұмыс істеді. Акционер өкілі немесе тәуелсіз директор ретінде түрлі компаниялардың директорлар кеңесіне кірді. Ресей және Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі.