Айдархан Құсайынов Данияр Ақышевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Айдархан Құсайынов Данияр Ақышевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Айдархан Құсайынов Данияр Ақышевтың кеңесшісі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Белгілі экономист Айдархан Құсайынов ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Ұлттық банкте растады. Құсайынов Айдархан Маратұлы - физик, инженер; М.В. Ломоносов атындағы ММУ, Атырау мұнай және газ институтын бітірген. 1994-1998 жылдары консультациялық бизнесте, соның ішінде ҚР үкіметінің консультанты ретінде қызмет етті. 1998-2001 жылдары ұлттық мұнай-газ компанияларында басшылық лауазымдар атқарды. 2001-2003 жылдары  Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі газ өнеркәсібі департаментінің директоры болды. 2004 жылдан бастап стратегиялық және басқару консультациясына маманданған Almagest компаниясын құрып, консультативтік бизнеске қайта оралды. 2014-2015 жылдары «Алматы даму орталығы» АҚ-да концессиялық жобаларды басқару тобының басшысы ретінде жұмыс істеді. Акционер өкілі немесе тәуелсіз директор ретінде түрлі компаниялардың директорлар кеңесіне кірді. Ресей және Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі.