Орал қаласында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды.БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға 20 маусым күні С. Датұлы көшесі бойында көпірде болды.
— Шамамен сағат 17.30-да 2011 жылғы қыз белгіленбеген жерден жолдан жүгіріп өтіп бара жатқанда, оны 1999 жылғы жүргізуші айдаған «Лада Гранта» автокөлігі қағып кеткен. Жедел жәрдем қызметкерлері қыздың жанын аман алып қалуға тырысқанымен, ол есін жимастан, оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Жол апатына байланысты сол тұста көлік кептелісі болды.