"Жақынымнан көрген опасыздыққа сынып кетпей": Жұлдыз Әбдікәрімова ақжолтай жаңалығын бөлісті

Бүгін, 01:15 / Дана Ізтілеуова
Видеодан скриншот

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова баспаналы болғанын айтып, жанкүйерлеріне алғысын жеткізді.

Актриса баспаналы болғанын қуанышпен жеткізіп, видео жүктеді.

​​​​​​"Жаңа адаммен жаңа үйде жаңа өмір", – делінген видеода.

Сонымен қатар ол бір жыл бойы қиын шақта қолдау білдірген жанкүйерлеріне ризашылығын жеткізді.

"Бір жыл бойы қатты қиналғаныма, ауырғаныма, күрескеніме, кейбір жайттарды үнсіз жұтқаныма, жақынымнан көрген опасыздыққа, басыма келген сынағыма сынып кетпей, ешкімге жалынбай, жылап-сықтамай, ешкім жайында лям-мим демей, күл-талқан боп қирап жатқан жерімнен жинақталып, қайта тұрғаныма, эмоцияға берілмей сабырлық танытқаныма СІЗ – менің ОҚЫРМАНЫМ, ШЫНАЙЫ ӘРі МЕЙІРІМДІ ЖАНАШЫРЫМ куә болдыңыз!

Мені колдаған, дұғада болған әрбір жанға алғыс айтамын!

Тілектеріңіз өздеріңізге, ұрпақтарыңызға еселеніп бұйырсын, –дейді актриса.

Тэгтер:

Жұлдыз Әбдікәрімова Ақжолтай жаңалық Сынып кетпеу