Алматы облысында прокуратура араласқаннан кейін 45 жетім балаға үй берілді

20 маусым, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы облысында прокуратура органдарының араласуынан кейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 45 жетім балаларға үйлер берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мысалы, Жамбыл ауданы прокуратурасының халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлердің берілу тәртібіне еңгізілген қадағалау актісі негізінде жетім балалар санатындағы 5 отбасының кезек реті қалпына келтіріліп, жергілікті атқарушы органдарымен тұрғын үйлер берілді. 

Сонымен қатар, тұрғын үйлерді беру барысында жергілікті спонсорлар жас отбасыларды қолдауға ерік білдіріп, қажетті тұрмыстық заттармен жабдықтады.

Жетім балалардың құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басты жұмыстарының бірі болып қала береді.

 

Тэгтер:

Бала Баспана жетім