«ДӘРІГЕР TALKS – 2025» диалог алаңы – өңірлердегі дәрігерлердің үнін естуге таптырмас мүмкіндік – Ерболат Ізтілеуов

20 маусым, 2025 / Алуа Арман

Күні кеше Астана төрінде «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «ДӘРІГЕР TALKS – 2025» диалог алаңы өтті. Бұл іс-шараға еліміздің түпкір-түпкірінен 600-ден астам медицина маманы, атап айтсақ, медбикелер, ғалымдар, медициналық ұйым басшылары және сарапшылар қатысты. Алаңда өз ойларын ортаға салып, денсаулық сақтау саласындағы қордаланып қалған проблемаларды айтып, оларды шешу жолдары мен өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. М.Оспанов атындаңы Батыс Қазақстан медицина университетінің Радиология кафедрасының жетекшісі Ерболат Ізтілеуов те бұл іс-шараға арнайы келген.

«Жыл сайын өтетін «ДӘРІГЕР TALKS – 2025» диалог алаңы – өңірлердегі дәрігерлер мен фельдшерлердің денсаулық сақтау саласын жақсартуға бағытталған ұсыныстарын, проблемаларын, пікірлерін айтуына мүмкіндік беретін бірден бір алаң. Бұл платформаның болашағы зор. Себебі денсаулық сақтау жүйесінің атқарушы органы мен өңірлердегі дәрігерлердің мұндай байланысы жүйені жақсартуға сеп болады. Сол себепті «AMANAT» партиясы мен Денсаулық сақтау министрлігіне осылай бірге отырып, барлық мәселені талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіремін. Бұл жоба әрі қарай дами түседі деген ойдамын. Жылына екі рет, әр облыста жергілікті Денсаулық сақтау басқармасымен, «AMANAT» партиясының жергілікті филиалымен бірлесіп өткізуге болады. Осылай денсаулық сақтау саласының мәселелерін, шығар жолдарын талқыласа ұтымды шешім болады деп ойлаймын», – дейді ол.

 

 

Тэгтер:

медицина дәрігер Партия денсаулық сақтау саласы ДӘРІГЕР TALKS – 2025