Сөз бен саз өрілген кеш

Бүгін, 15:00 / Túrkіstan International Political Weekly

Елордадағы «Синтез» театрында ерекше әдеби кеш өтті. Абайдың 180 жылдығына орай «Сөз бен әуен» деп аталған рухани шараны Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Астана филиалы бірлесе ұйымдастырды. 

Бұл кеш – тек өлең оқу кеші ғана емес, қа­зақ жырының жаңа тынысы мен бола­ша­ғын тануға мүмкіндік беретін әдеби плат­фор­ма болды. Оған елордамыздағы бірқатар жас ақындар – Ұмтыл Зарыққан, Шерхан Та­лап, Саян Есжан, Наурызбек Саршаев, Толқын Қабылша, Рауан Қабидоллин, Айзада Рахымжанова, Ажар Ерболған, Ділда Уәлибек, Аружан Яхуда, Әмина Адайхан сын­ды жас дарындар қатысып, өздерінің ең таң­даулы өлеңдерін оқыды. Кештің аты ай­тып тұрғандай, сөз бен әуен қатар өрілді. Әде­биет пен музыканың үйлесімді синтезі – кө­рермендердің рухани жан дүниесіне ерек­ше әсер етті. «Астана бэнд» ансамблі мен Му­зы­калық жас көрермен театрының әншісі Сұлтан Кеңшілік орындаған музыкалық композициялар жыр кешінің көркемдік қуа­тын еселей түсті. Ал кештің жалпы ре­жис­сурасы мен жүргізушілік тізгінін ұстаған Мұх­тар Диханәліұлы поэзия кешін өлең жол­дарымен әрлеп отырды. Кеште сөз сөй­леген Жазушылар одағының Астана қаласы фи­лиалының директоры Бауыржан Баба­жанұлы мұндай кештердің әдеби үрдісті дамыта түсіп, жас буындардың жаңалығын сезінуге ықпал ететінін айтты. Ол өз сөзінде Ақын Ұлықбек Есдәулеттің «Ең ұлы ақын – жас ақын» деген өлең жолын еске алып,  жас­тардың қазақ поэзиясына қосқан үлес­терін айта келіп, өзінің жас кезінде мұндай поэ­зия кештердің жиі өтпегенін, қазіргі жас­тардың оқырманмен бетпе-бет жиі жүз­десетініне мүмкіндік мол екенін жасырмады.  


Әдеби кеште тек жастар ғана емес, ру­ха­ни ортадағы үлкен буын өкілдері де белсенді болды. Ақын Мұхарбек Жәкейұлы мен Сәнді Ақылай көрермен болып келіп, шабыттанып, сахнаға шығып жыр оқыды. Бұл – әдебиет пен жас ұрпақ арасындағы үзілмеген сабақ­тастықтың белгісі. 
Кеш соңында Астана қаласы Тілдерді да­мыту және архив ісі басқармасының бас ма­маны Гауһар Еленбаева жылы сөздерімен ақын­дарды жігерлендіріп, руханияттың ұлы жо­лында әрдайым жастарға демеу бола біл­ген тұлғаларға ризашылығын білдірді.
«Сөз бен әуен» – поэзияның бүгінгі үні, жас буынның жырмен сөйлеген жан сыры бол­ды. Мұндай рухани басқосулар – елор­далық мәдени өмірдің өне бойына қан жүгір­тері сөзсіз. Ұйымдастырушылар алдағы уа­қытта да осындай игі шаралар жалғасын та­­­­­­батынын айтты. 

Жанбота БАҚЫТБЕК,
Еуразия Ұлттық университеті
Журналистика факультетінің 
ІІ курс студенті

Тэгтер:

әдебиет Ақын өнер Мәдениет ақындар поэзия сөз жас ақындар саз