Астанада «Орбита» тұрғын үй кешенінде 36 жастағы ер адам жанжал кезінде бірге тұратын әйеліне пышақпен ауыр жарақат салып, кейін 25-қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол тірі қалған, қазір ауруханада жатыр. Күзет қойылған.
Қайғылы оқиға 19 маусым күні балалардың бірінің көз алдында болған. 33 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Артында 7 және 10 жастағы екі ұлы қалды.
Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сүйенсек, жанжалға қаржылық қиындықтар себеп болуы мүмкін.
«Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.