"Шатырға секіретін емес, дәріхана іздейтін уақыт келді": "Джон Уиктің" жалғасы шықпауы мүмкін

20 маусым, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: t-j.ru

61 жастағы Киану Ривз аты аңызға айналған Джон Уик рөліне қайта оралмауы мүмкін. Актёр соңғы сұхбаттарында тізесі сырқырап, қан қысымы мазалайтынын ашық айтқан. Ал продюсерлер болса, “қазір Уиктің шатырдан шатырға секіретін емес, дәріхана іздейтін жасы келді” деп қалжыңдады, деп хабарлайды turkystan.kz comicbook.com-ға сілтеме жасап.

Жанкүйерлер төртінші бөлімнен кейін Уиктің қайта оралуын күтіп жүргенде, бұл жаңалық көңілді су сепкендей басты. Себебі фильмнің стилі үздіксіз экшн мен акробатикаға негізделген, ал актердің қазіргі денсаулығы мұндай ауыр физикалық жүктемеге төтеп бере алмауы мүмкін.

Киану Ривз өзі де рөлге жанын салатыны белгілі: трюктердің көбін дублёрсіз орындайды, дайындық кезінде жарақат алған кездері де көп болған. Енді оның орнына жас Уикті ойнайтын басқа актер табыла ма, әлде франшиза мүлде тоқтай ма ол жағы әзірге белгісіз.

Тэгтер:

Актер дәріхана Джон Уик Киану Ривз жалғасы