Қытайлық танымал блогер Taotao Aima Қазақстан туризмінің елшісі атанды

19 маусым, 2025 / Дана Ізтілеуова

Қытайлық танымал блогер Қазақстан туризмінің елшісі атанды, деп хабарлайды turkystan.kz Kazakh Tourism-ге сілтеме жасап.

Жылқыға ерекше қызығушылық танытатын Таотао Айма (Taotao Aima) жеке парақшасына жазылған 7 миллионнан астам желі қолданушысына Қазақстанның мәдениеті, табиғаты және қонақжай халқы туралы жазбалар жариялап жүр. Сол үшін  Kazakh Tourism ұлттық компаниясы танымал инфлюенсерге «Қазақстан туризмінің елшісі» мәртебесін табыстады.



Таотао еліміздің үш аймағында, атап айтсақ, Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының көрікті жерлерін аралап, Астана мен Алматы қалаларында болған. Тұмса табиғатымыздан бөлек ол жазылушыларына дәстүрлі қазақ киімдерін көрсетіп, бүркітпен аң аулаудың қыр-сырын бөлісіп, ұлттық тағамдарымыз бен мәдениетімізді таныстырып жүр.

Айта кетейік, Kazakh Tourism 2018 жылдан бері  ақысыз түрде Қазақстанды әлемге таныстырып жүрген тұлғаларға «Қазақстан Республикасының туризм елшісі» атағын береді. Өткен жылы бұл мәртебеге жапон блогері Юдзи Нацума ие болса, енді бұл тізімге Таотао қосылды.

Тэгтер:

Taotao Aima Таотао Айма Қазақстан туризмінің елшісі