Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты автовокзал аумағында абайсызда кісі өліміне әкеп соқтырған іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қайғылы оқиға 2024 жылғы 4 қыркүйекте Қарағанды автовокзалы аумағында болған. Жауапкер мен жәбірленуші асханада сөз таластырып қалған. Жанжал барысында жауапкер жәбірленушіні ұрып жіберген. Кейін далаға шыққан кезде кеудесінен итеріп жіберген. Жәбірленуші асфальтқа құлап, басынан жарақат алған.
Келесі күні жәбірленуші алған жарақатынан қонақ үйде көз жұмған. Сот жауапкердің әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы 1-бөлігі — абайсызда кісі өліміне себеп болу бабы бойынша саралады.
“2025 жылғы 23 сәуірдегі сот үкімімен А. 1 жыл 6 ай мерзімге қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтеуге сотталды. Сондай-ақ азаматтық талап ішінара қанағаттандырылды: жәбірленуші тарапқа моральдық зиян ретінде 5 миллион теңге және материалдық шығын ретінде 1 127 977 теңге өндіріп берілді”, – делінген сот хабарламасында.
Апелляциялық алқаның қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді.