Meta бас директоры Марк Цукерберг OpenAI-дің IT мамандары мен ғалымдарына өз компаниясына ауысқаны үшін ірі көлемде қаржы ұсынып отыр. Ақпарат көздеріне сүйенсек, Цукерберг OpenAI қызметкерлеріне көшу бонусы ретінде әрқайсысына шамамен 100 миллион АҚШ долларын беруге дайын, деп хаюарлайды turkystan.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Алайда, OpenAI басшысы Сэм Альтманның айтуынша, әзірге ешкім Meta-ға ауысуға келісімін бермеген.
Оның пікірінше, жалпы жасанды интеллектті (AGI) дамытуда OpenAI-дің мүмкіндіктері әлі де жоғары.
Цукербергтің бұл әрекеті жасанды интеллект саласындағы таланттар үшін күрестің күшейіп келе жатқанын көрсетеді.