20-22 маусым аралығында Астанадағы «Арғымақ» АССК базасында конкурдан Қазақстан Республикасы кубогы өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жарысқа еліміздің әр аймағынан ең мықты спортшылар қатысады. Олар екі санат бойынша сынға түсіп, биіктігі 120-145 см аралығындағы алты түрлі бағытта өз шеберліктерін көрсетеді.
Іс-шара Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) халықаралық стандарттарына толық сәйкес ұйымдастырылып, әділ бағалау мен жоғары деңгейдегі төрешілікті қамтамасыз етеді.
Турнирдің жүлде қоры – 2 миллион теңге.