Қаржылық мониторинг агенттігі желіде заңсыз ұтыс ойнатқан ерлі-зайыпты блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Ерлі-зайыпты блогерлер белгілі әнші Абай Бегейдің үлкен қызы Гүлеркем Ниязқұлова мен күйеу баласы болып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ерлі-зайыпты блогерлер лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, желіде ұтыс билетін сатып, автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан.
Олардың 850 мыңнан астам оқырманы болған. Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алған.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан. Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 млн теңгеден асқаны анықталды.
Қазір тергеу жүріп жатыр.