Оралда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Бүгін, 10:46 / Алуа Арман
ҰҚК

Биылғы 10 маусымында Орал қаласында кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікті топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

8 адам ұсталып, екеуі сот санкциясымен қамауға алынды.

Бұл тұлғалардың әрекеттері аймақтың коммерциялық іс-әрекетіне қатысушыларына теріс әсер еткен. Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Тэгтер:

Қылмыстық топ кәсіпкер ақша бопсалау