Ташкентте (Өзбекстан) спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іріктеу кезеңінің алғашқы күні бойынша Қазақстан құрамасынан төрт спортшы турнирдің финалына жолдама алды.
Зейнолла Ыдырысов пен Диас Тойшыбек ат снарядындағы жаттығуда сәтті өнер көрсетіп, финалға өтті.
Дмитрий Патанин сақиналардағы жаттығуда ақтық сынға жолдама алды.
Ал әйелдер арасында Амели Мукушева қол тіреп секіру жаттығуы бойынша финалға өтті.